АҚШ елшісі Жаңа жыл мерекесіне орай қазақ тілінде құттықтау жолдады

АҚШ елшісі Жаңа жыл мерекесіне орай қазақ тілінде құттықтау жолдады
Сурет: Inform.kz

АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюм Жаңа жыл мерекесіне орай қазақ тілінде бейнеқұттықтау жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Құрметті достар, Қазақстанда алғаш рет Жаңа жылды сіздермен бірге қарсы алып жатқаныма қуаныштымын. Бұл жыл барлығымыз үшін оңай болған жоқ. Бірақ келер жылға сеніміміз зор. Келер жыл ойыңыздағыдай қуанышты сәттерге толы болсын. АҚШ өкілдігінің атынан баршаңызға жаңа жылда денсаулық, молшылық, бейбіт өмір тілеймін», - деп қазақ тілінде құттықтау сөзін жеткізді Елші.