АҚШ елшісі қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтады

АҚШ елшісі қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтады
Сурет: Inform.kz

Қазақстандағы АҚШ елшісінің міндетін атқарушы Джуди Куо отандастарымызды астана күнімен құттықтап, қаладағы сүйікті орындарын көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Елші міндетін атқарушы Джуди Куо «Happy Capital Day» деп құттықтай отырып, 1 минуттық видеоролик ұсынады. Онда Нұр-Сұлтан қаласының бірнеше нысаны көрініс тапқан. Атап айтқанда, «Бәйтерек» монументі, «Астана балет» театры, «Кенесары» ескерткіші, Есіл өзенінің жағалауы, мешіт, «Ханшатыр» ойын-сауық орталығы және «Атырау көпірі» көрсетілген. Ролик Қазақстандағы АҚШ елшілігінің әлеуметтік желісінде жарияланды.