Ақорда «үштік газ одағын» құру мәселесін түсіндірді

Ақорда «үштік газ одағын» құру мәселесін түсіндірді
Сурет: Akorda.kz

Егжей-тегжейлі келіссөз жүргізу қажет.

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге сапарында талқыланған мәселеге түсінік берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Мемлекет басшысының Мәскеуге жасаған сапарына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарынан сұрақтар келіп түсіп жатыр. Осыған байланысты Кремльде өткен Қазақстан мен Ресей президенттерінің келіссөзі барысында Қазақстан мен Өзбекстан территориясы арқылы Ресей газын тасымалдау жұмысын үйлестіру мақсатында құрамына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан кіретін «үштік газ одағын» құру мәселесі қарастырылғанын атап өткен жөн. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин барлық тараптың мүддесін ескере отырып, осы мәселенің ұтымды шешімін табу үшін үш ел сарапшыларының қатысуымен егжей-тегжейлі келіссөз жүргізу қажет деп санайды», - деп жазды Руслан Желдібай Facebook парақшасында.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы апта басында Ресейге ресми сапармен барған болатын.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің ХVIII Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты.

Сондай-ақ Президент Ресей басшысы Владимир Путинмен және Үкімет басшысымен кездесті.