Ақмолада 14 жасқа дейінгі балалар арасында COVID жұқтыру өскен

Ақмолада 14 жасқа дейінгі балалар арасында COVID жұқтыру өскен
Сурет: Ашық дереккөз

14 жасқа дейінгі балалар арасында COVID-19 жағдайларының өсуі байқалады

Биылғы 7 желтоқсандағы жағдай бойынша Ақмола облысында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты. Алайда, 14 жасқа дейінгі балалар арасында COVID-19 жағдайларының өсуі байқалады. Бұл туралы журналистермен өткен брифингіде Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина мәлімет етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің айтуынша, қазан айында 13 бала ауырып қалды, бұл науқастардың жалпы санының 12,7 пайызын құрады, қарашада-12 бала (12,4 пайыз), желтоқсанда 9 бала, барлық жағдайлардың үлес салмағы 29 пайыз болды. Желтоқсан айында COVID-19-дың 38 жағдайы тіркелді, соңғы аптада 4 жағдайдың өсуі байқалды, оның 95 пайызы симптоматикалық, 5 пайызы асимптоматикалық.

Осы ретте, науқастардың ең көп пайызы қажетті иммунитеті жоқ адамдарда - 76,9 пайыз (197 адам), оның ішінде вакцинацияланбағандарда - 48,4 пайыз (124 адам), уақтылы ревакцинация алмағандарда - 8,5 пайыз (73 адам) болды. Қазан айында ауырғандардың 119-ы, оның 57-сі (47,8 пайыз) вакцинацияланбаған, 34-і (54,8 пайыз) уақтылы ревакцинация алмаған, 91-і (76,4 пайыз) иммунитеті жеткіліксіз. Қараша айында ауырғандардың 99-ы, олардың 46-сы (46,4 пайыз) вакцинацияланбаған, 29-ы (54,7 пайыз) уақтылы ревакцинация алмаған, 75-і (75,7 пайыз) иммунитеті жеткіліксіз. Желтоқсан айында ауырғандардың 38-і, оның 21-і (55,2 пайыз) вакцинацияланбаған, 10-ы (58,8 пайыз) уақтылы ревакцинация алмаған, 31-і (81,5 пайыз) иммунитеті жеткіліксіз.

«Бүгінгі таңда облыста коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқастарды ауруханаға жатқызу үшін 63 төсек-орын жайғастырылды, 7 желтоқсандағы жағдай бойынша оның 3 пайызына науқастар орналыстырылды. Ауруханаға жатқызылғандардың барлығы-3 адам, оның ішінде біреуі бала, біреуі жүкті әйел», - деді өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина.

Айта кетсек, Ақмола облысында екі медициналық нысан пайдалануға берілді.