«Ақырын жүріп, анық бас!»

«Ақырын жүріп, анық бас!»
Сурет: Мir24

Көктайғақта  қалай сақтанамыз?

Төтенше жағдайлар министрлігі бірнеше кеңес ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Байқап жүру

Тіпті қатты кешігіп жатсаңыз да, мұзда жүгірмеңіз. Жүрген кезде барынша табаныңызды нық басып, тізеңізді босаң ұстаңыз. Аяғыңызды сәл бүгіп, тізеңізді ауыртпай, салмақты бүкіл табанға түсіріп, ақырын жүріңіз. Жылдам жүрмеңіз, аяғыңызды жоғары көтермеңіз. Қадам неғұрлым қысқа болса, соғұрлым жақсы. Мұздың үстінде ешқашан қолыңызды қалтаңызға салмаңыз.

Дұрыс аяқ киім кию

Көктайғақта табаны сырғанайтын өкшелер мен аяқ киімдер кимеу керек. Керісінше, автомобилдің қысқы дөңгелегі сияқты жердің бетіне «жабысып» қалатын етік пен бәтеңке таңдау керек.

«Ыңғайлы» құлауға тырысу

Егер сіз сырғып, құлап бара жатқаныңызды білсеңіз, дене салмағыңызды бірден алға және бүйірге ауыстыруға тырысыңыз. Шалқалап құлаудан аулақ болу керек.

Егер сіз құлап, аздап ауырсыну сезсеңіз, дәрігерге барыңыз. Жеңіл ауырсыну кейде буын шыққанның белгісі болуы мүмкін, ал кейбір жарақаттар уақыт өте келе пайда болады. Бүйірмен құлаудың қауіпсіз екенін есіңізде сақтаңыз және ешқандай жағдайда қолыңызды немесе аяғыңызды құлаған жаққа тіремеңіз, мүмкіндігінше денеңізді бос ұстауға тырысыңыз.

Дене аздап соғылған жағдайда медициналық көмек алмауға да болады. Басыңызбен мұзға құласаңыз, мұны елеусіз қалдыруға болмайды, аздап мидың шайқалуы бастың ауруына, көздің көруінің төмендеуіне немесе есту қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін.