Akimat Live эфирінде қала әкіміне сұрақ қойыңыз

Akimat Live эфирінде қала әкіміне сұрақ қойыңыз
Сурет: 24.kz

«Алматы» телеарнасындағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирін өткізіп алмаңыз.

Бүгін сағат 19.00-де «Алматы» телеарнасындағы Akimat LIVE бағдарламасында мегаполис басшысы Бақытжан Сағынтаев тұрғындар сұрағына жауап береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қала басшысының онлайн кездесуінде сөз болатын мәселелер:

Алматыдағы бүгінгі эпидемиологиялық жағдай қандай?
Қаланың даму динамикасы.
Тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелер.

Тікелей студияға +7 (727)-275-01- 02, +7 (727)-275-22-16 нөмірлеріне қоңырау шалып, сұрақтарыңызды WhatsApp: +7 (777)-046-33-33 нөміріне немесе әлеуметтік желілердегі телеарнаның ресми парақшаларына жазып жіберіңіз.  
Тікелей эфирді Almaty.tv сайтынан не болмаса телеарнаның YouTube, Facebook-тегі ресми парақшаларынан көре аласыздар.