Ақылы автотұрақтар іске қосылды

Ақылы автотұрақтар іске қосылды Almaty-akshamy.kz

Алматының Медеу ау мен данында ақылы автотұрақтар қайта жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Биыл 11 қыркүйектен бастап Алматы қаласының Медеу ауданындағы автотұрақтарға ақы төлеу жүйесі іске қосылады. Бір сағаттың құны – 100 теңге.  


Тротуар түріндегі автотұрақтар 2023 жылғы 15 шілдеден 2023 жылғы 11 қыркүйекке дейін тегін болды, өйткені ақылы тұрақтардың жаңа бірыңғай операторы – «Алматы паркинг» бағдарламалық қамтамасыз етуге қосылмаған.


Медеу ауданында жаңа жаңартылған ақпараттық тақтайшалар бойынша барлығы 12 тұрақ аймағы жұмыс істейді, оның 4828-і тротуар тұрағы, 360-ы мүгедектерге арналған орын. Ақылы автотұрақтың жұмыс режимі – күн сайын сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін. 


Көк базар маңындағы №6547 тұрақ аймағының тарифі сағатына 150 теңге.  


Автотұрақ үшін төлемді былай жасауға болады:


- «Алматы автотұрақтары» мобильді қосымшасы арқылы минутына. Бұл қосымшаны телефонға Play Market және Apple Store дүкендерінен жүктеуге болады;


- almaty-parking.kz сайты арқылы 


- Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы ақпараттық тақтадағы QR-код бойынша.


Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы A-Parking операторы 2023 жылдың 15 шілдесінен бастап ақылы автотұрақтарға қызмет көрсетуді тоқтатты. Автотұрақтарға қызмет көрсету бойынша барлық өкілеттік Алматы әкімдігіне, атап айтқанда Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасының «Алматы паркинг» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына берілді. 


Жерге актілер әр аудан бойынша жеке дайындалады, осыған байланысты ақылы коммуналдық тұрақтарды іске қосу кезең-кезеңімен жүргізіледі.


Жаңа ақпараттық тақталарда оператор, аймақ нөмірі, тұрақ уақыты және төлем әдістері көрсетіледі. Бірінші Медеу ауданында басталды, жыл соңына дейін қаланың қалған аудандары қосу жоспарланып отыр: Алмалы – 9 қазан, Бостандық – 23 қазан, Түрксіб және Жетісу – 6 қараша, Әуезов, Алатау, Наурызбай аудандары – 2023 жылғы 25 желтоқсанға дейін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08