Ахмет Байтұрсынұлының Ленинге жазған хаты табылды
Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының Ленинге жазған 3 бірдей хаты табылды.
«Осы үш мақаланың өзінде ғана қоғамдық, әлеуметтік жағдайға деген ұлттық көзқарасын айқын көруге болады. Бүкіл әлемдегі теңдік мәселесі. Большевиктердің келген кездегі ұраны мен оның істері бір-біріне сәйкес келмейтінін Ақаң ашып көрсетеді. Сол кездегі геосаясатты Ақаңның мұрасымен қайта қарауға мүмкіндік туады деп ойлаймын», - дейді М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов.