Ахмет Байтұрсынұлы жайлы көркем фильм түсірілуде

Ахмет Байтұрсынұлы жайлы көркем фильм  түсірілуде
Сурет: Twitter›DmitriyDarko

Ұлт ұстазы туралы кинокартина жарыққа шықпақ

Алматыда көрнекті қоғам қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы туралы, кино түсіріліп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Көркем фильм «Соңғы үкім» деп аталады. Келесі жылы елде Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы, атап өтіледі. Картина, соған орай, экранға шығады.

Фильмнің алғашқы эпизодтары бұрынғы тергеу изоляторында түсірілді. Картинаның авторлары Ахмет Байтұрсынұлының өмірін толықтай қамтуды көздеп отыр.

Ұлт ұстазы 1929 жылы Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге Алматыда тұтқынға алынады. Кейін оны Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтеді. Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалымның ролін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды сомдайды.