«Ақбұлақта» автобус жол жиегіне шығып кеткен

«Ақбұлақта» автобус жол жиегіне шығып кеткен
Сурет: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ешкім зардап шеккен жоқ.

Бүгін Талғар ауданының «Ақбұлақ» спорт-сауықтыру кешенінде кеңесші мен 79 бала бар автобус Алматы қаласына қарай жол жүріп келе жатқанда, көктайғақ салдарынан жол жиегіне шығып кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына ТЖ департаментінің қызметкерлері мен жол қызметі дереу жіберілген.

Балалар мен кеңесші 2023 жылдың 3 қаңтарынан бастап «Айба» спорт комплексінің аумағында бизнес-оқытуда болғаны анықталды.

Балаларды кеңесшімен бірге тасымалдаған автобус жеке көлік компаниясына тиесілі. Аталған компания басқа автобус берді. Талғар ауданының жол ұйымының күшімен кептеліп қалған автобус эвакуацияланды.