Ақмаржан Қалмұрзаева Бейжің Олимпиадасының финалына шықты

Ақмаржан Қалмұрзаева Бейжің Олимпиадасының финалына шықты
Сурет: Inform.kz

Финалдық кезең астана уақытымен 17:00-де басталады.

Фристайл-акробатикадан Бейжің Олимпиадасының іріктеу кезеңі аяқталды. Қазақстандық Ақмаржан Қалмұрзаева үздік 12 спортшы бақ сынайтын финалдық кезеңге өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап. 

Ақмаржан іріктеу кезеңінде 98.68 ұпай жинап көш бастады. 

Өкінішке қарай, команда үздігі Жанбота Алдабергенова іріктеу кезеңінен өте алған жоқ.

Финалдық кезең Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады.