Ақберен Елгезек, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары: Біз шын мәнінде үлкен ұлтқа айналдық

Ақберен Елгезек,  Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары: Біз шын мәнінде үлкен ұлтқа айналдық
Сурет: Inform.kz

Алда келе жатқан Мемлекет басшысының бастамасымен жасалып жатқан референдумға бүкіл халық қатысуы керек деп есептеймін және қолдау керек. Бұл референдум ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтып жүрген Екінші Республика деген ұғымның шын мәнінде орнататын, тағдыршешті, бетбұрысты үлкен оқиға дер едім. Және соған біз бәріміз белсенді түрде атсалысуымыз керек.

Көп жағдайда халық сайлауға бармай жатады. Осындай бір үлкен-үлкен таңдауларда сырт қалып жатады. Сосын артынан айқай-шу шығып жатады. Бұл неге осылай, неге бұлай деген сияқты. Біздің мемлекет неге басқа жолмен кетіп бара жатыр деген секілді. Енді мемлекеттің өзі мүмкіндік беріп тұрған кезде, бұл референдумға бәріміз белсенді түрде қатысуымыз қажет. Және өзімізге ұнайтын, өзіміз қалаған және өзіміз таңдап алған бағытқа қол қоюымыз керек деп есептеймін. Меніңше, осы Қаңтар оқиғасынан кейін қоғамдық сана мүлде өзгерді. Мүлдем басқа санадағы, мүлде баса түйсіктегі ұлтқа айналдық деп есептеймін. Сондықтан біз референдумға басқа, жаңарған сана-сезіммен барамыз деп ойлаймын.