«Ак Барс» – «Барыс» матчы өтеді

«Ак Барс» – «Барыс» матчы өтеді
Сурет: Оlympic.kz

Бүгін мықтылар анықталмақ

Ұлттық Олимпиада комитетінің дерегінше, 23 желтоқсанда елордалық «Барыс» биылғы маусымда үшінші рет қазандық «Ак Барсқа» қарсы ойнайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Елордалықтар 17 күн бұрынғы (6 желтоқсанда «Ак Барсты» 2:1 есебімен жеңген) жетістігін қайталап, қазандықтарды жеңуге қарсы емес. Статистика да олардың жағында – соңғы ойындарда қазандықтар жеңіс пен жеңілістерді кезектестіріп келеді. «Ак Барс» кейінгі ойынында «Тракторды» жеңді, яғни осы қисынға сүйенсек, Дмитрий Квартальновтың шәкірттері алдағы кездесуде жеңілуі керек.

Бірақ кез келген серия ерте ме, кеш пе үзіледі, ал Қазан өз жанкүйерлеріне қатарынан екінші жеңісті сыйлауға асық, сондықтан «Барыстың» бесінші рет сырт айдында жеңіске жетуі оңай болмайды.

«Ак Барс» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 22:20-да басталады, оны мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.