«Қайрат» үздік төрттікке қадам жасады

Футзал

 Алматыдағы «Нұр-Аман» кешенінде «Қайрат» футзалдан УЕФА чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Юнайтед Галац» (Румыния) командасымен кездесті. Румыниялық ұжым Чемпиондар лигасына алғаш рет қатысып отыр. Сондықтан бұл кездесуде алматылықтардың фаворит саналғаны күмәнсіз.

«Қайрат» сенімді толық ақтады. Әуелі төртінші минутта Ранжел есеп ашты, Савио араға сегіз минут салып есепті еселеді. Екінші кезеңде біздің команда тағы 4 доп соқты (Фернандинью, Эдсон, Есенаманов және Оразов), қонақтар еншісіне жалғыз гол ғана жазылды (Кречюн).

Енді ширек финалда «Қайрат» Португалияның «Бенфика» командасымен кездеседі. Лиссабондықтар іріктеу кезеңінде Венгрияның «Береттьоуйфалу» командасымен кездесіп, 5:0 есебімен ойсырата ұтты.

Кешегі күнге дейін ширек финалға «Добовец» (Словения), «Интер» (Испания), «Барселона» (Испания), «Югра» (Ресей) командалары жолдама алды. «Добовец» іріктеу кезеңінде «Ақтөбемен» кездесіп, 2:1 есебімен жеңіп кеткен еді.

Биыл үздік төрттіктің финалдық ойындары Минскіде (Беларусь) өтеді. «Минск–Арена» бұл кездесулерді 28 сәуір – 3 мамыр аралығында қабылдайды.

Өткен жылы Чемпиондар лигасын «Барселона» жеңіп алды. Ол бұл кубокты үшінші рет иеленді. Ал «Қайраттың» еншісінде екі чемпиондар кубогы бар.

Естен САБАЛАҚ

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close