Айдын иесі мен әлем чемпионы тізе бүкті

Хоккейден Қазақстан құрамасы Латвияда өтіп жатқан әлем чемпионатын өте сәтті бастады. Юрий Михайлистің шәкірттері Латвия және Финляндия құрамаларын ойын соңындағы буллиттен жеңіп, жанкүйерлерді таңдай қақтырды.

Жарыстың а лғашқы күні Латвия құрамасы Канаданы құрғақ есеппен жеңіп (2:0), әлемдік доданың басты сенсациясын жасағандай еді. Екінші күні латыштарға қарсы кездесуде біздің хоккейшілер бірінші гол жіберіп алғанмен (Дарзиньш, 27), негізгі уақытты тең аяқтады. 38 минутта Александр Шин есепті теңестірді, ал 45 минутта екі құрама шайба алмасты (Букартс – Блекер). Ойын соңындағы буллитте Александр Маклюковтың дәл соққысы Қазақстанға жеңіс әкелді.

Араға бір күн салып, 24 мамырда Қазақстан құрамасы Финляндиядан басым түсті. Негізгі уақытта қос ұжым бір-бір гол енгізгенмен (Лунделл – Панюков), шешуші буллит отандастарымыздың еншісінде қалды. Никита Михайлис финн қақпашысы Харри Сятеридің осал тұсын тапты.

Қазақстан Финляндияны әлем чемпионаттарында тұңғыш рет жеңіп отыр. Бұған дейін қос команда әлемдік сындарда үш рет жолығып, үшеуінде де финдер жеңген еді: 1998 – 4:0, 2012 – 4:1, 2014 – 4:3. Финляндия құрамасы – соңғы әлем чемпионатының жеңімпазы. Отандастарымыздың жеңісі сонысымен де құнды болып отыр.

Бүгін Қазақстан АҚШ құрамасымен кездеседі. Америкалықтар алғашқы кездесуде финдерден жеңілгенмен (1:2), екінші қарсыласы канадалықтарды 5:1 есебімен ойсырата ұтты.

Естен Сабалақ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *