Air Astana Skytrax-тың COVID-19 рейтингінде 5 жұлдызға ие болды

Air Astana Skytrax-тың COVID-19 рейтингінде 5 жұлдызға ие болды
Сурет: Samolets.com

Бұл рейтинг жолаушыларға ұшар алдында қосымша сенім береді.

Air Astana ауекомпаниясы Skytrax-тың  COVID-19 таралуын болдырмау бойынша сертификаттаудан өтіп, жоғары рейтингке ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Air Astana Skytrax-тың  COVID-19 таралуын болдырмау бойынша сертификаттаудан мамыр-маусым айларында ұйымдастырылған аудит қортындысы бойынша өтті.  

Аудит пандемия жағдайында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы Air Astana нысандарындағы денсаулықты қорғау мен тазалық шараларына талдау жасады.

Аудит барысында тазалау мен дезинфекция реті, жеке гигиена құралдарының стандарттары мен қолдану ережелерінің сақталуы, ақпараттық-танымдық белгілер мен дезинфекциялау құралдарының болуы, әлеуметтік арақашықтықтың сақталуы мен рейске тіркелу, қону мен ұшу кезінде санитарлық бетперделерді қолдану бағаланды. 

«Пандемияның алғашқы күнінен бастап Air Astana жолаушылардың денсаулығын қорғау мақсатында барлық қажетті шараларды сақтауда. Бұл міндетті орындаудағы адалдығымыз бүгінгі Skytrax сертификатты алуымызға себеп болды. Бұл жолаушыларымызға ұшар алдында қосымша сенім беретініне сенімдімін»,– деді Air Astana президенті Питер Фостер

 Skytrax-тың Бас директоры Эдварт Плейстед "Air Astana COVID-19 тәуекелін азайту мақсатында әдістемеге жүгінді. Аудит әуе компаниясының борттағы гигиена бойынша санитарлық талаптарды сақтау мен пандемия кезінде қызмет көрсетуді орындағанын ерекше атап өтті», - деді.

Естеріңізге сала кетсек, биыл Air Astana әуекомпаниясы APEX рейтінгінде ұшу кезінде COVID-19 таралуын болдырмау және азайту бойынша Diamond деңгейін иеленген болатын.   

Бүгінде Air Astana әуе компаниясының жолаушылардың денсаулығы үшін қауіпсіздік шараларын толық сақтайтынын тағы бір рет дәлелдеді.