Аида Балаева Данабек Бименовтің отбасына көңіл айтты

Аида Балаева Данабек Бименовтің отбасына көңіл айтты
Сурет: Almaty-akshamy

Министр журналистің туған-туыстарына қайғыларына ортақтасатынын жеткізді.

Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева марқұм Данабек Бименовтің отбасына, туған -туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty-akhamy.kz.

«Белгілі қаламгер, Қазақстанның құрметті журналисі Данабек Бименовтің өмірден озуына байланысты марқұмның отбасы мен жақын-туғандарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. 

Данабек Бименов өзінің саналы ғұмырында журналистика саласында елеулі еңбек етіп, қарымды қабілетімен, зор шығармашылық әлеуетімен отандық медианы дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Оның, әсіресе, жаһандық климат пен экологиялық қауіпсіздік мәселелері туралы пайымды жазбалары маңыздылығы мен өміршеңдігін жоғалтпайтын құнды дүниелер болып қалатыны анық. 

Данабек Бименовтің жарқын болмысы мен тұлғасы, атқарған еңбегі мен жазғандары жақындары мен әріптестерінің, қалың оқырман қауымның есінде мәңгi сақталады деп сенемін. 

Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқысын», –деп жазған министр өзінің Facebook парақшасында.