AIBA президенті Қазақстанға келеді

AIBA президенті Қазақстанға келеді
Cурет: Бокс федерациясы

Белградта өткен Әлем чемпионатында қазақ боксшылары 5 медальға ие болды

Бокстан Белградта өткен Әлем чемпионаты аясында Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев AIBA президенті Умар Кремлёвпен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Бокс федерациясына сілтеме жасап.
 
«Кездесу достық пейілде өрбіді. Әңгіме барысында қос тарап басшылары қазақстандық және әлемдік бокстың дамуы жөнінде пікір алмасты. Келісімдер нәтижесінде AIBA Президенті Умар Назарұлы Қазақстанға арнайы келуге келісті. Құрметті қонақтың келуі ағымдағы жылдың қараша айында деп күтілуде»,-делінген хабарламада.

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Белградта өткен Әлем чемпионатында 5 медальға ие болды!
Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов жеңімпаз атанса, Махмуд Сабырхан мен Серік Теміржан күміспен күптелді. Ал құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов қола жүлде еншіледі. Біздің құрама жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды!