Ағашқа дұрыс күтім жасау керек

Ағашқа дұрыс күтім жасау керек almaty-akshamy.kz

Алматыда айналаны қоқыстан тазартып, ағаш егу экологиялық акциясы өтіп жатыр. "Көкжиек" ықшамауданындағы сенбілікті «Қазақстанды көгалдандыру» қауымдастығының белсенділері ұйымдастырды.



– Қауымдастық 2015 жылдан бері жұмыс істейді. Біз көгалдандырумен айналысамыз. Қазір біздің қатарымызда тек Алматы ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша жүзден астам компания бар. Қауымдастық бірнеше сала мамандарын біріктіріп отыр. Біз қала әкімдігімен тығыз байланыс орнатып қана қоймай, жасыл желек бойынша ережелерді бірлесіп әзірлеу, консультациялық көмек көрсету жұмысына атсалысып, сондай-ақ осы тектес акцияларды өткізуде өзіміздің кәсіби көмегімізді ұсынамыз. Бүгін 200 акация ағашы отырғызылады. Біздің мамандар бұл ағаштарды қалай дұрыс егіп, оны баптау керектігін айтып қана қоймай, бүкіл процесті бақылайды. Өз бетімен ағаш отырғызғысы келетін белсенділерге ең әуелі қалалық әкімдікке, соның ішінде Экология және қоршаған орта басқармасына хабарласу керектігін айтамын. Басқарма көмек көрсетіп, жер бөліп қана қоймай, бірқатар ұсыныс та береді. Бұл ретте ағаш егу жеткіліксіз. Оған дұрыс күтім де жасай білу керек, – деді «Қазақстанды көгалдандыру» қауымдастығының президенті Татьяна Антоненко.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0