Ағаш отырғызу – сауапты іс

Ағаш отырғызу – сауапты іс almaty-akshamy.kz

Алматыда қаланың қоғамдық ұйымдарының бастамасымен Almaty Clean & Green кең ауқымды экологиялық акция өтуде. Осы ретте Желтоқсан саябағындағы сенбілікке 100-ден астам студент қатысты.



– Бүгін сенбілікке колледжімізден 100-ден астам студент келді. Сондай-ақ, 10 шақты ұстаз да сенбілікке белсенді түрде қатысуда. Іс-шара өте көңілді ұйымдастырылып жатыр. Жанды музыка, тегін су. Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін күрек, тырма сынды құрал-жабдықтар да үлестірілді. Студенттеріміз өз қолдарымен ағаш отырғызып, мәз-мейрам болуда. Әрбір тұрғын өз ауласын таза ұстап, ақтап, сырлап отырса, қалаға келген қонақтардың да құрметі арта түсер еді, – дейді №1 Аматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінің Оқу-ағару әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Ерден Сайынұлы.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет