Әзімбай Ғали: Енді саяси құқықтық реформа жасау керек

Әзімбай Ғали: Енді саяси құқықтық реформа жасау керек
Сурет:Ratel.kz

Саясаттанушының пікірінше, жұмысқа халықтың өзі де жұмылуы тиіс. 

Қазақстанның белгілі саясаттанушысы Әзімбай Ғали мемлекет Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында көтерген мәселелерге қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап. 

Нарықтық реформаның нәтижесінде экономика дамыды. Бірақ мұның арты әлеуметтік таптар мен топтар, жаңа дәулетті адамдардың пайда болуына алып келді дейді Әзімбай Ғали. Ендігі кезекте осы экономикалық қарқынды сақтап, халықтың өмір сүру сапасын тым жүдетпеу әрі саяси құқықтық реформа жасау керек. Бұл диллеманы шешу оңайға түспейді, сондықтан жұмысқа халықтың өзі де жұмылуы тиіс, дейді саясаттанушы.


«Әлеуметтік-экономикалық реформа жасалды. Енді саяси құқықтық реформа жасау керек, яғни бар жетістіктерді заңдастыру. Халық бұл үрдістерге мойынсұнуы керек, сонан кейін жігер-күшін қосып, әлемдік үрдіс болғаннан кейін, озық елдер сияқты тіршілігін жасау керек», – деді саясаттанушы Әзімбай Ғали.