Әзірбайжанда Жамбыл Жабаевқа арналған пошта маркасы шығарылды

Әзірбайжанда Жамбыл Жабаевқа арналған пошта маркасы шығарылды
Сурет: Inform.kz

Түркі әлемінің үш ақынына арналған пошта маркалары шығарылды

Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры түркі халықтарының сан ғасырлық мәдениеті мен тарихын дәріптеу мақсатында «Үш Озан бірге» (озан – ақын-әнші) жаңа жобасын жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Жоба аясында түркі әлемінің үш ақыны – Жүніс Әміре, Ашық Алескер және Жамбыл Жабаевтың мерейтойына байланысты пошта маркалары шығарылды.

Маркаларды Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры Әзірбайжан Республикасының Цифрлық даму және көлік министрлігі жанындағы «Азерпост» ЖШҚ-мен бірлесіп айналымға енгізді. Маркалар дизайнын әзірбайжандық суретші Орхан Гараев жасаған, онда ақындардың портреттері бейнеленген.