Әйелдерді балағаттаған стендапер 10 тәулікке қамалды

Әйелдерді балағаттаған стендапер 10 тәулікке қамалды
Сурет: Ашық дереккөз

Соттан кейін стендапер арнайы видео түсіріп, кешірім сұрады

Алматыда стендап кезінде әйелдерді балағаттаған жігіт қамалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде кеш қонақтарының алдында өнер көрсетіп тұрған стендапердің әйелдерді қорлайтын балағат сөзді бірнеше мәрте қайталап айтқан видеосы тарады.

Кейіннен оның 2000 жылы туған Анди Топалидису екені мәлім болды.

Осыған орай Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасы Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабы бойынша іс қозғады.

Бүгін кешке Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ол кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Соттан кейін стендапер арнайы видео түсіріп, кешірім сұраған.