Әйелдер күресінен U20 әлем чемпионатының финалына екі қазақстандық шықты

Әйелдер күресінен  U20 әлем чемпионатының финалына екі қазақстандық шықты
Сурет: Olympic.kz

Софияда (Болгария) әйелдер күресінен U20 әлем чемпионатының алтын медалі үшін екі қазақстандық спортшы күреседі.

Финалға Алтын Шағаева (53 келіге дейін) мен Анастасия Панасович (72 келіге дейін) шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап. 

Алтын Шағаева 1/2 финалда мысырлық Атеф Мохамедті жеңді. Шешуші жекпе-жекте ол Үндістаннан келген Антимге қарсы шығады.

Анастасия Панасович өз кезегінде жартылай финалда жапониялық Сумире Ниикурені жеңді. Енді ол Амит Элормен (АҚШ) күреседі.