Әуезов ауданында бір ауысымда 200 адамды қабылдайтын  отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынуда

Әуезов ауданында  бір ауысымда 200 адамды қабылдайтын  отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынуда
Сурет: Ortalyq.kz

Денсаулық сақтау

Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Кездесуде жаңадан салынып жатқан әлеуметтік нысандар жайы да сөз болды.

«Алдыңғы кездесулерде айтқанымдай, 18-ші емханаға адамдар шамадан тыс көп тіркелген.

Осы емхана жүктемесін азайту үшін "Мамыр-1" шағынауданында бір ауысымда 200 адамды қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынуда. Бүгінде жұмыстардың 35%-ы аяқталды, құрылысты 2023 жылдың I тоқсанында бітіру жоспарланған», - деді қала әкімі Е.Досаев. 

Сондай-ақ "Қуаныш" ықшамауданында бір ауысымда 300 адам қабылдайтын №18 емхананың негізгі ғимаратын салу жұмыстары жүргізілуде. Жуырда сатып алу үшін жер учаскесінің бағасы шығады, ендігі мәселе – құнын жердің иесімен келісу қажет.