Әуезов ауданында екі мемлекеттік балабақша салу жоспарлануда

Әуезов ауданында  екі мемлекеттік балабақша салу жоспарлануда
Сурет: Egemen.kz

Мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығын азайту үшін 280 орындық 2 мемлекеттік балабақша салу жоспарлануда.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Кездесуде мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығын азайту мәселесі де сөз болды. 

"Алтын бесік" шағынауданында 120 орындық бірінші балабақшаның жобалау-сметалық құжаттамасы қазан айының соңына дейін мемлекеттік сараптамадан өтіп, әзірленеді. Құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың I тоқсанында бастауды жоспарлап отырмыз», - деді қала әкімі.

10-шы шағынаудандағы 160 орындық екінші балабақшаны салу үшін қараусыз қалған балабақша ғимараты сатып алынды. Қыркүйек айында бюджетті нақтылау кезінде жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге қаражат бөлінбек.  Келесі жылы мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін, қолданыстағы ғимаратты бұзып, құрылысты бастауды жоспарланып отыр.