Әуежайды басына көтерген алматылық

Әуежайды басына көтерген алматылық Сурет: Elorda.info

Әуежайда дөрекілік танытқан алматылыққа үш бірдей әкімшілік хаттама толтырылды


Бейәдеп сөздер айтып, тәртіпке шақырған полицейлердің заңды талабына бағынбаған жолаушы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне FlyArystan әуекомпаниясының өкілі «Астана – Алматы» бағытындағы әуе рейсінің жолаушыларының біріне қатысты шара қолдану туралы шағымданды. Оның айтуынша, рейске тіркеу кезінде ер адам өзін дөрекі ұстаған және балағат сөздер айтқан. Көлік полицейлері тексеру кезінде Алматы қаласының 36 жастағы тұрғынын анықтады. Ол полиция бөліміне жеткізу кезінде тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбаған, - деп жазылған хабарламада.



Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық), 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу), 667-бабы (Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 


Ұсақ бұзақылық пен бағынбау бойынша материал шешім қабылдау үшін Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0