Әуе компаниясы Түркияға билет алғандардың ақшасын толық қайтарады

Әуе компаниясы Түркияға билет алғандардың ақшасын толық қайтарады
Сурет: Khabar.kz

Нақтырақ айтқанда, еліміздің әуе тасымалдаушы компаниясы Қазақстаннан Ыстамбұл мен Анталияға және кері рейстерге 6 ақпанға дейін билет сатып алған жолаушыларға сапар құнын толық қайтарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сонымен қатар, 15 наурызға дейін бір кластағы рейстерге тегін қайта брондау мен билет құнын өтеуді ұсынады.

"Бұл жайында тұрғындар сатып алу орнына немесе Help.airastana.com сайтына хабарласа алады", - делінген мәлімдемеде.