Әскери жүзгіштер кәсіби шеберлігін шыңдауда

Әскери жүзгіштер кәсіби шеберлігін шыңдауда
Сурет:GOV.KZ

Мақсат - арнайы міндеттерді орындауға ұдайы әзірлікте болу.

Ақтауда Әскери-теңіз күштерінің жауынгер жүзгіштері жеңіл сүңгуірлік дайындық бойынша жиынға қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Сабақ барысында әскери қызметшілер сүңгуірлік жарақтың материалдық бөлігін және тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделеп, сынақтар тапсырды және арнайы жабдықты пайдалануға рұқсат алды», - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жеке құрам түрлі тереңдікке сүңгуірлерді түсіруді орындады. Жарғыш заттарды қойған және зақымданған жерлерді анықтау мақсатында кемелердің түбі мен бұрандаларын қарап шықты. Дайындықтың барлық кезеңінде нұсқаушылар қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше назар аударды.

«Жиынның басты мақсаты – әскери қызметшілердің өз бетінше де, топ құрамында да арнайы міндеттерді орындауға ұдайы әзірлікте болуы. Әрбір сүңгуір жарақты, жабдықты, су асты құралдарын пайдалана отырып, жұмысты орындай алуы тиіс», – деп атап өтті Әскери-теңіз базасының іздестіру-құтқару қызметі мен сүңгуір жұмыстарының аға офицері, майор Нұрлан Оңалбаев.

Қарулы Күштердегі жауынгерлік даярлық іс-шаралары ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан армиясының жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн.