Әскери ұшқыштардың жалақысы көтеріледі

Әскери ұшқыштардың жалақысы көтеріледі Сурет: Qazaqstan.tv

2023 жылы әскери ұшқыштардың жалақысы орташа алғанда 60 пайызға өседі.


Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 мамыр күні өткен Бүкілармиялық кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Astanatv.kz-ке сілтеме жасап. 


Сондай-ақ Президент осы саладағы оқытушылар мен дәрігерлердің жалақысы да көбейетінін айтты.



«Келесі жылы әскери атақ үшін төленетін айлық ақы 30 пайызға артады. Олар тұрмысына алаңдамай, ел қорғауға сақадай сай болуы керек», - деген Мемлекет басшысы әскери қызметшілерді зейнетақымен қамту мәселесі де қайта қаралып жатқанын атап өтті.


«Сержанттарды, офицерлерді әлеуметтік қолдау жұмысы жалғасады», – деді Президент.



Қорғаныс және қауіпсіздік саласы елімізді тұрақты дамыту ісінде айрықша маңызды рөл атқарады.



«Айбынды армия – қасиетті жерімізді және елімізді қорғайтын сенімді қалқан. Халқымыз алаңсыз өмір сүруі үшін әскери қызметшілер өз міндетін мүлтіксіз атқаруы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 



Сөз соңында Президент Отан күзетіндегі әрбір жауынгер антына адал болатынына сенім білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26