Әскери ұшқыштардың, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы көтеріледі

Әскери ұшқыштардың, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы көтеріледі
Сурет: Elorda.info

Жалақы 30%-дан аса көтеріледі.

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Сенат отырысында Әскери-әуе күштерінің ұшқыштары, әскери жоғары оқу орындарының оқытушылары мен әскери дәрігерлердің жалақысы 30%-дан астамға өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қорғаныс министрі орынбасарының айтуынша, бүгінде кейбір әскерилердің жалақысын көтеру туралы ұсыныстар қолдау тапты.

"Үкімет мынадай бастамаларды қолдады: Әскери-әуе күштері ұшқыштарының жалақысы өсті. Биыл әскери жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысын азаматтық жоғары оқу орындарының деңгейіне дейін көтеру мәселесі шешіліп жатыр. Әскери қызметкерлердің келесі санаты – әскери дәрігерлер. Жалақыны азаматтық сектордағы медицина қызметкерлерінің деңгейіне дейін көтеру де Үкімет тарапынан қарастырылып, қолдау көрсетіліп жатыр. Жалақы 30%-дан аса көтеріледі", деді Сұлтан Камалетдинов.

Ол кейінгі жалақы әртүрлі көрсеткіштерге, соның ішінде әскери атаққа, лауазымға, ұшу уақыты мен класына байланысты екенін атап өтті.