Әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру жоспарлануда

Әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру жоспарлануда
Сурет: Министрлік

Шамамен 1 500 әскери міндеттіні шақыру жоспарланып отыр

Қм й«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 33 бабы 1) тармақшасына сәйкес Қорғаныс министрлігі «2023 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрығын әзірледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Даярлау, қайта даярлау және білімін жетілдіру, сондай-ақ қажетті жауынгерлік даярлық деңгей мен өздерінің міндеттері бойынша іс жүзіндегі машықтарды қолдау үшін шамамен 1 500 әскери міндеттіні шақыру жоспарланып отыр.

Әскери жиындар 2007 жылдан бері жыл сайын өткізіліп тұратынын айта кетелік. Жалпы жиын 30 күнге созылады.