Әскери борышын өтегендер енді жоғары оқу орындарында тегін білім алады

Әскери борышын өтегендер енді жоғары оқу орындарында тегін білім алады
Сурет: Министрлік

Келісімдер 2023 жылдан бастап күшіне енеді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қорғаныс министрлігі мен еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы келісімге қол қою салтанатына қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Жоғары білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыдағы Республика сарайында өткен кездесуге Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылық және жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.

Ведомстволардың басшылары әріптестерін Ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады.
Қорғаныс министрлігі мен жоғары оқу орындарының белгіленген мерзімде қызмет еткен әскери қызметшілерге тегін жоғары білім алу мүмкіндігін беру жөніндегі бірлескен жобасы да әскери қызметтің беделін арттыруға ықпал ететін болады.

Елуден аса жоғары оқу орындарының басшылары қол қойған келісімде ынтымақтастық бағыттары, сондай-ақ мерзімді әскери қызмет өткерген адамдарға конкурстан тыс өтуге жеңілдіктер беріледі.

Келісімдер 2023 жылдан бастап күшіне енеді.