Әскерге бару мерзімін қандай жағдайларда кейінге қалдыруға болады?

Әскерге бару мерзімін қандай жағдайларда кейінге қалдыруға болады?
Сурет: Министрлік

Әскери құралымдардың қатарына 35 мыңнан астам адамды шақыру жоспарланған.

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап күзгі әскерге шақыру кезеңі басталды. Төрт ай ішінде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатары 18-27 жас аралығындағы 18 мыңға жуық жаңа буынмен толықпақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұған дейін Ranking.kz хабарлағандай, төрт жылда әскерге шақырылғандардың 15,8 пайызы ғана алынған.

Осы орайда ҚР Қорғаныс министрлігі әскерге бару мерзімін қандай жағдайларда кейінге қалдыруға болатынын түсіндірді. Сонымен қатар, қорғаныс ведомствосының мамандары әскерден жалтарып жүргендердің портретін сипаттап берді.

«ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, 2022 жылы Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарына 35 мыңнан астам адамды шақыру жоспарланған. Оның ішінде көктемде 17 мыңға жуық адам шақырылса, күзде 18 мыңнан астам адам әскер қатарына келеді деп жоспарланып отыр», - делінген Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінде.