Әскер спортшысы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Әскер спортшысы әлем чемпионатында  қола жүлдегер атанды
Сурет: Министрлік

Халықаралық сайыс Осиек қаласында өтіп жатыр

Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшы-нұсқаушысы қатардағы жауынгер Әсем Орынбай стендтік атудан әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Халықаралық сайыс осы күндері Хорватия елінің Осиек қаласында өтіп жатыр. Оған әлемнің 77 елінен 650-ден аса спортшы қатысуда.

«Skeet мix» аралас жаттығуында әскер спортшысы Әсем Орынбай Эдуард Ещенкомен бірге Ұлыбритания мен Италиядан келген қарсыластарына ғана есе жіберіп, қола жүлде жеңіп алды.

Әсем Орынбай – 2018 жылғы Азия чемпионатының күміс, 2021 жылы Каирде өткен Әлем кубогының қола жүлдегері, 2020 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарына қатысқан.