Әшімов көшесінде уақытша көлік жүрісінің шектелуі туралы ақпарат

Әшімов көшесінде уақытша көлік жүрісінің шектелуі туралы ақпарат
krasnogorsk-adm.ru

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 5 тамыздан 12 тамызға дейін күн сайын түнгі уақытта сағ. 23:00 мен 06:00 аралығында Әшімов көшесінің Абай даңғылынан Райымбек даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған болатын. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.