Әсет Исекешев ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды

Әсет Исекешев ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды
akorda.kz

Әсет Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы лауазымынан босатылсын», - деп жазылған ҚР Президенті қол қойған Жарлық мәтінінде.