АЭС салуға Алматы облысы Жамбыл ауданы ұсынылды

АЭС салуға Алматы облысы Жамбыл ауданы ұсынылды
Сурет: Ашық дереккөз

Осы жылы реакторлық технологияны таңдау бойынша жұмыстар жүргізіледі

Атом электр станциясын салу салынатын жер әлі таңдалған жоқ. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан атом электр станциясын салу мәселелерін қарау бойынша жұмыс жүргізуде. Ол үшін елімізде барлық объективті алғышарттар бар. Бұл –  уран мен оны қайта өңдеу өнімдерінің қорлары, сондай-ақ ғылыми база.

«2022 жылы Қытай (CNNC), Ресей (Росатом), Корея (KHNP), Франция (EDF) сияқты елдерден жеткізушілердің тексерілген реакторлық технологияларының «қысқа тізімі» жасалды. Осы жылы реакторлық технологияны таңдау бойынша жұмыстар жүргізілетін болады», - деді Ақшолақов министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның айтуынша, атом электр станциясын орналастырудың оңтайлы алаңы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы ұсынылды.

«2023 жылы атом электр станциясын орналастыру ауданын таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылатын болады», - деп мәлімдеді министр.