Әрбір азамат «Жаңа Қазақстанның» құрылысына қатыса алады - Сенат депутаты

Әрбір азамат «Жаңа Қазақстанның» құрылысына қатыса алады - Сенат депутаты
Cурет: Ашық дереккөз

Бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда Конституцияға енгізілетін түзетулер жобасы бойынша референдум өткізу туралы ұсынысы жарық көрді. Бұл туралы Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова айтты, деп жазады Almaty-akshamy.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

"Әдетте референдумдар көбінесе маңызды заң актісін, құжатты, Конституцияға түзетулерді қабылдау үшін өткізіледі. Конституцияға бұл түзетулер іргелі сипатқа ие және елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін өзгерістер. Өз басым бұл ұсынысты құптарлық деп көрем, себебі бұл референдум Президентіміздің «халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясының жалғасы ретінде сияқты", - деді Әлназарова.

Депутат атағандай, ондағы басты идея - азаматтың мүдделері басты орынға шығару.

"Онда мемлекеттік органдардың азаматтармен өзара әрекеттесе отырып, азаматтардың шешім қабылдау және олардың бақылау процесіне тартылуына мүмкіндік беретін кедергісіз мемлекет құру деп білемін. Конституцияға түзетулерді референдум өткізу арқылы енгізу, бұл халықтың ерік білдіруінің жарқын көрінісі, себебі әрбір азамат «Жаңа Қазақстанның» құрылысына қатыса алады", - деді Әлназарова.