Әр адамға қолжетімді және сапалы медицина

Әр адамға қолжетімді және сапалы медицина Сурет: Ашық дереккөз

Алматының болашағына бей-жай қарамаңыз


Алматы қаласының әкімдігі мен «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарының негізгі басымдықтары және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары» атты жобасында Халықтың медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттануын 2030 жылы 53%-тен 70%-ке дейін арттыру көзделіп отыр деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


2025 жылға  дейін Жаңа объектілерді (кемінде 17) іске қосу есебінен АМӘК тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру және учаскелік қызметке жүктемені 1700 адамнан 1500 адамға дейін төмендету,  600 төсек-орындық ОҚКА жаңа корпусын салу, МЖӘ тетіктерінің негізінде менеджмент пен қызметтер сапасының халықаралық стандарттарын енгізу ( МСАК 2 объектісі және 1 аурухана),  Халықаралық және республикалық орталықтармен бірлесіп, 5 000 дәрігерді оқыту бағдарламаларын жүргізу, 2030 жылға дейін Қолданыстағы 25 көпбейінді стационардағы инфрақұрылымды жаңғырту, Медициналық кластердің ашылуы - онкологиялық орталық пен оңалту орталығы бар көпсалалы аурухана, Шығыс қақпа мен Солтүстік полиорталықта перзентханалары бар 2 көпсалалы жеке емхананың ашылуы жоспарланып отыр.


Алматының болашағына бей-жай қарамаңыз. Қолжетімді және сапалы медицина  қатысты өз пікіріңізді 1 шілдеге дейін төмендегі сілтеме арқылы «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ сайтында қалдырыңыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет