Әнші Мадина Сәдуақасова Алматыда өз таңдауын жасады

Әнші Мадина Сәдуақасова Алматыда өз таңдауын жасады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Мадина Сәдуақасова кезектен тыс Президент сайлауына қатысу үшін таңертең өзі тіркелген №415 сайлау учаскесіне келді.

«Таңертең ең әуелі сайлауға баруды ұйғардым. Сайлау жарияланған күннен бастап бұл күнді күттік. Мен өзімнің учаскеме таңғы 9.00-ға таман бардым, біраз адам дауыс беруге келіпті. Дауыс беріп, Қазақстанның болашағына үлес қосқаныма қуаныштымын. Біз бүкіл отбасымызбен сайлауға барып, азаматтық ұстанымымызды таныттық. Әкем дауыс беру үшін сағат 6.50-де сайлау учаскесінде барды»,- деді әнші.