Әлихан Смайылов: Халықтың әл-ауқаты ең алдымен тұрақты өсімге байланысты

Әлихан Смайылов: Халықтың әл-ауқаты ең алдымен тұрақты өсімге байланысты
almaty-akshamy.kz

Биыл кем дегенде 24,4 млрд доллар шетелдік инвестиция тарту қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Биыл біз ең кемі 4 пайыз экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін бәріміз үйлесімді әрі тиімді жұмыс жүргізуіміз керек. Экономика салаларын дамытуда бірінші кезекте ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыруға басымдық берілуі тиіс. Халықтың әл-ауқаты ең алдымен тұрақты өсімге байланысты. Сондықтан, экономиканы одан әрі әртараптандыруға және тұрақты жұмыс орындарын құруға бағытталған жұмыстарды жандандыру керек», - деді Үкімет басшысы.

Осы ретте Әлихан Смайылов министрліктер мен өңір әкімдіктері инвестиция тарту және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстарын күшейтуі тиіс екендігін баса айтты.

«Әр инвестормен жұмыс істеп, әрқайсысына бөлек жағдай жасап, қарсы міндеттемелер белгілеу қажет. Біз әр жобаның экономикалық нәтижесін көруіміз керек. Биыл кем дегенде 24,4 млрд доллар шетелдік инвестиция тарту қажет», - деді Әлихан Смпайылов.