Әлихан Смайылов: Алматының жаңа әуежайы құрылысын дер уақытында аяқтау қажет

Әлихан Смайылов: Алматының жаңа әуежайы құрылысын дер уақытында аяқтау қажет
Сурет: Ашық дереккөз

Президент 2022 жылғы 1 маусымда Алматы әуежайында жаңа халықаралық терминалдың құрылысын бастауға рұқсат берді.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Алматының Алматының жаңа әуежайы құрылысын дер уақытында аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Алматыда жаңа халықаралық әуежай терминалықн салу бойынша ірі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып жатыр. Министрлік әкімдікпен және инвестормен бірге жолаушылар ағынын арттыру, сонымен қатар әуе тасымалының бағдар желісін кеңейту үшін жобаны дер уақытында жүзеге асыру іс-шараларын қабылдауы қажет», - деді Әлихан Смайылов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Сонымен қатар Премьер-Министр Астана қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын жаңарту мәселесіне де назар аудартты.

«Бүгін таныстырылым барысында көрдік. Қажетті құжаттарды дайындауға қатысты жұмыстарды бастау керек», - деді Үкімет басшысы.

Еске салсақ, Президент 2022 жылғы 1 маусымда Алматы әуежайында жаңа халықаралық терминалдың құрылысын бастауға рұқсат берді.