Әлеуметтік желідегі заңға қайшы материалдар бұғатталды

Әлеуметтік желідегі заңға қайшы материалдар бұғатталды Сурет: 24.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деді.


Биыл әлеуметтік желілердегі заңға қайшы 36 484 материал бұғатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ғаламторда қолжетімді ресурстар мен әлеуметтік желілерді тәулік бойы қадағалайды. Заңнаманы бұзу фактілері анықталған жағдайда интернетресурстың әкімшілігіне ескертулер мен хабарламалар жолданады. Ескертулер түзетілмеген болса, интернет-ресурс сот шешімімен заңнамада белгіленген тәртіппен бұғатталады. Жарияланған материалдарда қылмыстық іс-әрекеттің белгілері анықталса, олардың авторлары мен таратушылары қылмыстың жауапкершілікке тартылады», - деді Ералы Тоғжанов.



Оның атап өтуінше, заңға қайшы контенттің таралуына жол бермеу мақсатында уәкілетті органдар ВКонтакте, Одноклассники, Mail.ru, Livejournal, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінің әкімшілігімен тығыз ынтымақтастық орнатқан.



«2022 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жүргізген мониторингтің нәтижесінде 36 484 заңға қайшы материал бұғатталды», - деді вице-премьер.



Үкімет басшысы ұсынған дерекке сәйкес, аталған материалдардың 35 мыңнан астамы терроризм, діни және этникалық экстремизм идеологиясын тарату; 332-сі есірткі құралдарын насихаттау және таратуға; 3 531-і порнографияны, қатыгездік пен суицидті насихаттауға; 32-сі ар-намысқа тіл тигізу, билікті қорлауға, 111-ге жуығы жалған ақпарат таратуға қатысты болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31