Әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша жаңа қызмет іске қосылды

Әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша жаңа қызмет іске қосылды сурет:egovkz

Мүмкіндігі шектеулі жандар әлеуметтік төлем алуға өтінішті онлайн бере алады.


EGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасында мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша жаңа қызмет іске қосылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Жаңа қызметтің артықшылығы - қызметті онлайн алған кезде өтініш беруші туралы барлық деректер мемлекеттік органдардың дерекқорынан автоматты түрде тартылады. 


Бұған дейін осындай қызмет тек ХҚКО-ларда және медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшелерінде қағаз түрінде көрсетілген, бұл жұмыс көп уақыт алатын. 



«Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» жаңа қызметін пайдалану үшін eGov.kz порталы арқылы пайдаланушылар:


- eGov.kz порталында авторизациядан өту керек;


- басты бетте «Азаматтарға» - «Әлеуметтік қамтамасыз ету» - «Мүгедек адамдарды қолдау» өту керек;


- «Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» қызметін таңдайды;


- онлайн қызметке тапсырыс береді;


- ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қойып, қызметті онлайн алады.


Қызмет 8 жұмыс күні ішінде жүзеге асады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38