Әлеуметтік мекемелер тексерілді

Әлеуметтік мекемелер тексерілді Сурет: Қайрат Қонысбай

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Алматы қаласына жұмыс сапары аясында көпір конструкциялары зауытына және бірқатар медициналық-әлеуметтік ұйымдарға барды. Еңбек ұжымдарымен және арнаулы әлеуметтік қызмет алушылармен өткізілген кездесулер барысында ол ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру туралы айтып берді.


Ақмәди Сарбасов өзінің жұмыс сапарын ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Алматы қаласындағы департаментінің ұжымымен кездесуден бастады, оның барысында ол әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету қажеттілігіне баса назар аударды.



«Алматы көпір конструкциялары зауыты» ЖШС қызметкерлерімен кездесуде вице-министр қолданыстағы еңбек заңнамасының өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту саласындағы жаңа саясат туралы айтты.



«Халықты жұмыспен қамтудың жаңа саясаты азаматтардың жекелеген осал санаттарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесуден еңбекке қабілетті азаматтардың барлық санаттарын нәтижелі жұмыспен қамту үшін тең бастапқы жағдайлар жасауға көшуді көздейді. Ол жұмыс күшінің кәсіби дағдыларын күшейтуді, икемді жұмыспен қамтудың барлық түрлерін заңнамалық бекіту мен реттеуді, технологиялар мен білім трансферті үшін білікті кадрларды тартуды, ішкі көші – қонды реттеуді, жұмыспен қамту орталықтарын мансаптық орталықтарға айналдыруды және қызметтерді ауқымды цифрландыруды көздейді», – деп хабарлады Ақмәди Сарбасов.




Ол сондай-ақ кәсіпорын мен қалалық еңбек инспекциясы қызметі өзара меморандумға қол қойғанын айтты.



«Бұл Алматыдағы үлкен заводтардың бірінде 300-ге жуық өнім өндіріледі екен. Жұмыс сапары барысында завод қызметкерлерінің еңбек жағдайымен таныстық. Жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында қаншалықты байланыс барын көрдік. Айтылған кәсіпорынмен қалалық еңбек инспекциясы қызметі арасында меморандумға қол қойылды. Кәсіпорын басшылығы жұмысшыларға әлеуметтік қолдау көрсетуге уәде берді», – деді ол.



Сондай-ақ, вице-министр Алматы қаласының әлеуметтік қызметтер үйіне барып, «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ және «Алатау» әлеуметтік қызметтер орталығы» КММ медициналық-әлеуметтік мекемесін аралады. Сапар барысында А.Сарбасов әлеуметтік нысандардың жұмысын көріп, «Алатау әлеуметтік қызметтер орталығы» базасында пилоттық жоба ретінде іске асқан «НейроЧат» жобасымен танысты. Жобаның жаңалығы – алғаш рет пациенттердің бір-бірімен, медицина қызметкерлерімен, жақын адамдарымен және бүкіл әлеммен желілік байланысы үшін мүмкіндік жасалынды.




«Алматы қаласына жұмыс сапары аясында бірқатар объектілерді араладық. Оның ішінде әлеуметтік қызметтер орталықтары және белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары бар. Қолданыстағы заңнама шеңберінде қажет адамдарға арнайы көмек көрсетіледі. Жалпы елімізде 700 мыңдай мүмкіндігі шектеулі азаматымыз бар. Сондықтан басты мақсатымыз осындай орталықтарды мүмкіндігі шектеулі адамдардың талаптарын ескере отырып тиімді әрі ыңғайлы ету. Мүмкіндігі шектеулі адамдар өздеріне белгілі бір шектеудің бар екенін сезінбеуі керек. Бүгін мұндай орталықтардың қызмет көрсетуінде біраз жаңашылдық бар екенін байқадық», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов.




Айта кеткен жөн, Әлеуметтік қызметтер үйінде алматылықтар «бір терезе» қағидаты бойынша әлеуметтік қызметтердің барлық спектрін алады. Әлеуметтік қызметтер үйі – еліміздегі бірегей жоба. Бір жерде бірнеше мемлекеттік мекемелер – жұмыспен қамту басқармалары қызмет көрсетеді: әлеуметтік бағдарламалар мен тұрғын үй саясаты, халықты жұмыспен қамту орталығы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, «Отбасы банкі», «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы, «Атамекен» ӨКП және әлеуметтік сақтандыру қоры. Жалпы, мемлекеттік қызметтердің 776 түрін алу көзделген.



Күн сайын әлеуметтік қызметтер үйіне 500-ге жуық адам барады. Ағымдағы жылы 99 мыңнан астам қызмет көрсетілген.
Ал «Алатау» әлеуметтік қызметтер орталығы 2022 жылдың 1 ақпанында бұрынғы «Самал» пансионатының ғимаратында ашылды. Орталық 153 төсек-орынға есептелген. Орталықта психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер стационарлық жағдайда көрсетіледі.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56