Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жыл басынан бері 17,1%-ға қымбаттады

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жыл басынан бері 17,1%-ға қымбаттады
Cурет: Ашық дереккөз

Статистика дерегі

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,2%-ға, ай басынан бері 1,1%-ға, жыл басынан бері 17,1%-ға өсті. Бұл ақпаратты Ұлттық статистика бюросы ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Жылдық мәнде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік 17,1%-ға қымбаттады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,2 пайыздық тармаққа жоғары»,-делінген хабарламада.

Статистиктердің мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішіндегі ең қымбаты – тұздалмаған сары май, сиыр еті мен сүзбе.
ҚР бойынша орташа баға (2022 жылғы 21 маусымға):
• сары май – 3236 тг/кг;
• сиыр еті – 2195 тг/кг;
• сүзбе – 1712тг/кг.
Статистика бюросының дерегінше, бір апта ішінде мына көкөністер арзандады:
• қырыққабат – 9,3%-ға;
• картоп – 1,5%-ға.