Әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін көтеру жоспарланып отыр

Әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін көтеру жоспарланып отыр Сурет: Egemen.kz

Қазіргі таңда «Әлеуметтік кодекс» әзірленіп жатыр.


Оның аясында әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін көтеру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Астана қаласында аталған саланың үздік мамандарын марапаттау барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 



«Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы - орта есеппен 220 мың теңге. Осыны ескере отырып, біз мына «Әлеуметтік кодекстің» аясында әлеуметтік қызметкерлердің статусын өзгертуді, көтеруді көздеп отырмыз. Сол заңнаманың аясында бірінші – мәртебесі көтеріледі, екінші – оларға қойылатын талаптар өзгереді, үшінші – олардың жалақы мәселесі қаралады. Ол үшін біздің министрлікте арнайы жұмыс тобы құрылған. Осы жылдың соңына дейін сол жұмыс тобы өзінің жалақы, мәртебе жайында ұсыныстарын береді. Сосын оның барлығы заңға енгізілетін болады», - деп мәлім етті Ербол Оспанов.



Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 12 мыңға жуық әлеуметтік қызметкер бар. Олар халықтың әртүрлі санаттарына өмір сүру сапасын жақсарту және күрделі өмірлік жағдайдан шығу үшін көмек көрсету мақсатында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.


Аталған сала мамандарының 45 пайызы – аудан орталықтары мен қалаларда, 30 пайызы – облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда, 25 пайызы – ауыл округтерінде еңбек етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38