Әлемнің түкпір-түкпірінде ядролық қаруға қатысты дағдарыстар көбейіп келеді

Әлемнің түкпір-түкпірінде ядролық қаруға қатысты дағдарыстар көбейіп келеді
Сурет: news.un.org

Бұл туралы БҰҰ басшысы Антониу Гутерриш Ядролық қаруды таратпау туралы шарт қатысушыларының конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Антониу Гутерриштің айтуынша, бұл форум өте маңызды кезеңде өтіп жатыр, адамзат қазір жолайрықта тұр, ал жаһандық қауіпсіздікке қауіп төнді.

«Әлем климаттың өзгеруі, теңсіздік секілді құбылыстарға тап болды, шиеленістер мен адам құқығының бұзылуы жиілеп кетті. Экономикалық бақуаттылықтың іргесін COVID-19 пандемиясы шайқалтты. «Бұл біздің ұрпақтың маңдайына жазылған ең үлкен сын–қатер. Сонымен қатар осының бәрі қырғи-қабақ соғысы кезеңінен бері ядролық қауіп ең жоғары деңгейге жеткен сәтте болып отыр», - дейді БҰҰ басшысы.