Әлемге танылған қазақ жастары

Әлемге танылған қазақ жастары
Сурет: Youtube.com

Жер жүзі ғажайыптардан тұрады. Оны жасайтын – айрықша адамдар. Олар адамзаттың бағытын өзгертетін күшке ие.

Бәріміз жаһанға танымал болуды ойлаймыз. Сол үшін барынша тырысамыз. Талпынып, түрлі қадамға барамыз. Десе де, ондай болмаққа ерекше қабілет, дарын, ынта қажет. Бүгінгі адамның мүмкіндігі жоғары. Ғаламторды ашып, түрлі жетістіктерге қол жеткізуге болады. Бір сәтте күллі дүниені таңдандыра аласыз. Бұл жолда шын таланттар бір сәттік бейнеге емес, мәңгілік тұлға болуға талпынары анық.

Соңғы уақыттары қазақ жастары осындай биік тұғырдан көрініп жүр. Тіпті, ғаламдық деңгейге өрлеуде. Осыған байланысты әлемге әйгілі 5 қазақ жайлы деректер топтамасын ұсынамыз. 

Димаш Құдайберген

Димаш – әлемдегі айрықша дауыс иесі. Тембр, жоғары мен төменгі ноталарды шебер ала біледі. Ол бүгінге дейін АҚШ, Қытай, Ресей, Еуропаның көптеген елдерінде жеке концертін берді. Тіпті, жанкүйерлері қазақша ән шырқап, қазақтың ұлттық киімдерін киіп, ғаламторға жүктеп, жылы лебізін білдіретіндер қатары артып келеді.

Дінмұхаммед Құдайберген 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбеде танымал әншілер Қанат пен Светлана Айтбаевтардың отбасында дүниеге келген.

Қазақ ұлттық өнер университетін «Эстрада вокалы» мамандығы бойынша бітірді. Марапаттары:

2014 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты;

«Жыл таңдауы Халықтың сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты;

2017 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері;

2017 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері;

2018 жылы Қытайда «Weibo Night» салтанатында «Ең танымал әртіс» жүлдесінің иегері.

2019 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды.

2021 жылы Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты ер адам атанды.

Жәнібек Әлімханұлы

Жәнібек – Qazaq style-дің негізін қалаушы. Оның жылдамдығы дүниені таңдандыруда. Ол – бокс саласы бойынша Америка Құрама Штаттарындағы жас спортшылардың бірегейі. Ұлттық жауһарларымызды танытып жүрген бірден-бір қазақ.

Ол 1993 жылы Алматы облысы Жыланды ауылында дүниеге келген. Кәсіпқой бокста орта 72 келі салмақта  өнер көрсететін, жеңіліс көрмеген кәсіпқой боксшы. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. 2013 жылы әлем чемпионы атанады. 2013-2014 жылдары Азия чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.  WBO Global тұжырымы бойынша 2012–2020 жылдары WBC Continental Americas тұжырымы бойынша жеңімпазы саналады.

Иманбек Зейкенов

Иманбек – қарапайым жан. Солтүстік өңір, Ақсу қаласының тумасы. Бала күнінен музыкаға құмартқан. Сөйтіп, әртүрлі тректерді ритмге түсіруді ойлап жүрген. Ол ойына 20 жасында қол жеткізеді. 2020 жылы «Гремми» жүлдесін ұтады.

Оның  ремикстерін түгел Еуропны Нидерланды, Бельгия, Швеция, арысы Америка мен Канаданы шарлайды. Ғаламтордағы Shazam рейтингінің үштігіне енеді. Көптеген тыңдалым жинайды. Барша дүние жүзі бойынша ең танымал әрі жас музыкант болып есептеледі.

Димаш Әділет

Ол – дүниежүзіндегі ең сымбатты ер адам болып танылды. Өзінің арманын орындау жолында барын салды. Ізденді, спортпен шұғылданды. Америкадағы ең танымал сән сахналарына қытысты. Түр сымбаты мен ойы қатар келіскен қазақ жігіті талай арудың жүрегін баурады. Голивудтық танымал актрисалар оның өнеріне тәнті болды. Бүгінде Димаш ең танымал сән әлемінің шоқ жұлдызына айналды. Өзінің бір сұхбатында «болашақ жарын дүниедегі ең бақытты әйел ететінін» айтты.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Димаш Әділет IQ тестін жоғары нәтижемен тапсырып, әлемдегі ең ақылды адамдардың қатарына қосылды. Ол – Қазақстан тумасы, Гарвард университетінің түлегі. Сонымен қоса, дүниедегі IQ ең жоғары адамдардан құралған халықаралық Mensa International ұйымының мүшесі.

Санжар Мәдиев

Санжар – көпшілікке танымал актер. Көбінесе махаббат, тарихи көркем туындылар, экшн деректі фильмдерімен танылды. Оны басында ресейлік актер деп шатастырғандар да болды. Өйткені, оның танымалдылығына қуат берген сол елдегі түскен кинолары еді. Бүгінде  бойшаң, атжақты, еуропалық келбетті келген отандасымыз шетелдік кинокартиналарының сұранысына ие.  

Жерлесіміз 1986 жылы Алматыда дүниеге келген. Жастайынан брэк-данс, қоян қолтық ұрысқа және жүзу үйірмелеріне қатысты. Лосанджелесте кино саласы бойынша мамандығында Film Making білім алды. Осыған дейін 30-дан  астам жобаға қатысты.